Компания

BES GROUP ILS – Қазақстан, Орта Азия, ТМД және Балтық елдері аумағымен барлық санаттағы жүктерді экспедициялаумен айналысатын заманауи логистикалық компания.
Компания нарықта 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді, Қазақстан Ұлттық экспедиторлары ассоциациясының (ҚҰЭА) қауымдастырылған мүшесі ретінде жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыруда тәжірибесі мол.

Компания қызметінің негізгі бағыттары:

1. ҚР, Орта Азия және Балтық елдері, РФ, Қытай және Иран аумағымен жүк экспедициялау, жүкті Құрық және Ақтау порттары арқылы ауыстырып тиеу.

2. Қытай-Батыс Еуропа-Қытай, Батыс Қытай-Орта Азия контейнер пойыздарының құрамында контейнерлер тасымалдауды ұйымдастыру.

3. Жылжымалы құрамды ұсыну.

4. Достық КЗХ және Алтынкөл КЗХ станцияларында қайта тиеу.

Біз клиенттермен ұзақ мерзімді қатынастар орнатуға мүдделіміз. Бізбен жұмыс істеген кезде жолдың әр кезеңінде жүгіңіздің уақытында жеткізілетініне сенімді боласыз.

Біздің қызметкерлер процесті аптасына 7 күн бойы бақылап, жүктің ахуалы туралы күн сайын хабарлайды. Сонымен қатар сіз біздің сайтымыздың «Вагонды қадағалау» бөлімінде нөмірі бойынша вагонның қай жерде тұрғанын біле аласыз.

  
loading...
Біздің миссиямыз
Біздің серіктестерімізді ең тиімді тасымалдау нұсқаларымен қамтамасыз ету, клиенттеріміз үшін үздік атану.
Біздің мақсатымыз
Еуразия аумағы мен бүкіл "Ұлы Жібек жолы" бойымен жүкті жылдам әрі қауіпсіз жеткізу қызметтерінде №1 болу.